Риоға дайындық. Ауыр атлеттер ерледі АҚШ-тың Хьюстон қаласында ауыр атлетикадан әлем чемпионаты мәресіне жетті. Биылғы әлемдік дода қазақстандық зілтеміршілер үшін сәтті болды. «PROСПОРТ» тілшісі әлемдік сайысты саралап, Рио Олимпиадасында бақ сынайтын зілтеміршілердің мүмкіндіктерін бағамдап көрді. 20 қарашада басталып, тоғыз күнге созылған әлем чемпионатында Қазақстанның намысын бас-аяғы 15 атлетіміз қорғады. Негізгі мақсат – Олимпиадаға 10 лицензия алу. Зілтеміршілеріміз алдына қойған мақсатты орындады. Қазақстан тарихында тұңғыш рет атлеттеріміз Олимпиадаға 10 лицензия ұтып алды. Сонымен, Америкадан қазақстандықтар бес медальмен оралды. Ниджат Рахимов пен Александр Зайчиков сенсациялық түрде әлем чемпионы атанса, Алмас Өтешев пен Жазира Жаппарқұл күміс медальді қанағат тұтты. Ал былтыр Алматыда әлем чемпионы болған Жасұлан Қыдырбаев биыл қола медаль еншіледі. Айта кетейік, Арли Чонтей, Карина Горичева және Светлана Подобедова кіші медальден алды. Жалғасы: http://www.prosportkz.kz/kz/news/67185.html